Қоғамдық өмір
Бұл ZimaBlue компаниясы жүргізген зерттеу арқылы анықталды. Зерттеуге 2 432 адам қатысқан. Ел тұрғындары міндетті емес және көңіл көтеруге жұмсалатын шығынды қысқартқан.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Су ресурстары және ирригация министрлігінің келісімімен, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры қызметіне тағайындалған Мырзаев Ибадулла Абдуллаұлы таныстырылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Халықты жұмыспен қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашу – ауданның негізгі әлеуметтік бағыттарының бірі. Осы бағытта бүгін «Руханият» орталығында баспасөз брифингі өтіп, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен негізгі көрсеткіштері бойынша есеп берді.
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті.
Жосалы кентіндегі тұрғындардың қауіпсіздігі – басты назарда. Осы бағытта көше жарықтандыру жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер 10 жылға жуық уақыттан бері пластикалық есік пен терезе өндірісімен айналысып келеді. Кәсіпкер өз ісін табысты жүргізіп, аудан тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді пластикалық өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Бүгінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен елді мекендерде қысқы кезеңде қолайлы жағдай қалыптастыру – аудан әкімінің тұрақты бақылауында. Осыған байланысты бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұловтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, Қармақшы ауданындағы әлеуметтік нысандардың 2026-2027 жылдардағы жылу маусымына дайындығы қаралды.
Жаңа баспаналар — тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Осы мақсатта биыл Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Айта кетейік, биыл 27 маусым күні ұйымдастырылған «Бір ауыл – бір өнім» көрме-байқауында 55 тауарөндіруші өз өнімдерін ұсынған болатын. Сараптамалық топ олардың арасынан 20 жартылай финалисті іріктеп, бренд-комитеттің қарауына жолдады.
ҚР Жоғарғы Соты павлодарлық жетім қыздың тұрғын үй құқығын қалпына келтіріп, оның 2008 жылдан бастап баспана алуға құқығын тануды міндеттеді.
Жедел қызметтердің тиімділігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында «Көмек-112» ақпараттық жүйесін жаңғыртып, оны Өңірлік әкімдіктің Ситуациялық орталығының бірыңғай цифрлық платформасына енгізу жұмыстары қолға алынды.
Елімізде 12 мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр. Олардың жалпы берешегі 18 млрд теңгеден асқан. Борышкерлердің басым бөлігі – ерлер. Сонымен қатар алимент бойынша берешегі бар 7 мыңнан аса әйел тіркелген.
Кәсіпкерлік саласы – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші екені белгілі. Осы орайда, аудан көлемінде кәсіпкерлік нысандар саны артып, сауда, қызмет көрсету және өндіріс бағыты қарқынды дамуда.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш кенті мен ауылдық округтерде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.