Аймақта жауапты кезеңге дайындық бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Биыл жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту, 1 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге алдағы жауапты маусымда тұрғындар жаңа жылу-электр орталығының 4 қазандығы арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.
Жалпы 7,6 млрд. теңгеге 460 шақырым электр желілері мен 134 қосалқы станция жөндеуден өтті.
Аймақтағы 1 074 әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын. Бүгінде энергетикалық және әлеуметтік нысандардың дайындық паспорты алынып жатыр. Қажетті көмір қоры – 80 мың тонна, тұрғындарға 68 мың тонна, әлеуметтік нысандарға 12 мың тонна керек.Өңірлік операторлар көмір қорын жасақтаудыбекітілген кестеге сәйкес жүргізуде.
ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Пікірлер 0
Әзірге пікір жоқ. Алғашқы болыңыз!