Ауыл шаруашылығы жаңалықтары
Бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне сәйкес егін жинау науқанының барысы және жылу беру маусымына дайындық мәселелері қаралды.
Сіздерді 2026 жылдың 19-20 қыркүйек күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз
Жыл бойы маңдай терін төккен диқан қауымының еңбегі ақталатын жауапты кезең басталды. Бұл – еңбек пен ырыстың сабақтастығын дәріптейтін тағылымды мереке. Осы мақсатта бүгін Ақжар ауылында ел ырысын еселеген еңбек адамдарының еңбегін ұлықтап, 2026 жылғы егін жинау науқанының басталуына арналған «Алғашқы орақ – 2026» салтанатты іс-шара өткізілді.
Сіздерді 2026 жылдың 19-20 қыркүйек күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз. Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда өңірінің брендіне айналған ақ күріші, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын, қарбыздар мен ұлттық сусындар ұсынылады.
Бүгін Қазалы ауданында егінге орақ салу науқаны басталды. Дархан дала төсіндегі қызу еңбекті алғаш болып Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» шаруа қожалығының шаруалары бастады.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтің қатысуымен «Жігер» шаруа қожалығында «Дала күні – 2026» шарасы аясында күрішке алғашқы орақ түсу рәсімі өтті.
Сонымен қатар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 906,5 мың тонна майлы дақылдар тұқымы, 2,4 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна бақша дақылдары және 1,2 млн тонна картоп жиналды.
Бүгін Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтеріне жұмыс сапармен барып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар тексерілді.
Ауданда су үнемдеу және ирригациялық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында жалпы ұзындығы 88,51 шақырымды құрайтын 12 каналға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жобалардың жалпы құны 26,7 млн теңгені құрайды.
Қармақшы ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау және шегірткелердің таралуына жол бермеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылы аудан бойынша шегірткеге қарсы 21 850 гектар жерге мониторинг жүргізіліп, зерттеу нәтижесінде 10 440 гектар аумақ өңдеуге жататыны анықталды.
Қармақшы ауданында 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстары жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Жалағаш елінің үлкендері айтатын «Шегіртке де Аламесек деп ұшады деген сөз бар. Өйткені, аудан құрылмай тұрып, Аламесек елді мекені 1925 жылы болыстық атқару комитеті, ал 1928-1930 жылдары аудан орталығы болыпты. Негізгі іргесі ХІХ ғасырда қаланған. Жанында өзімен аттас көл де болған деседі.
Биылғы жиым-терім қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысын өткізді.
Ауданның ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығын дамыту, мал басын көбейту және асыл тұқымды мал үлесін арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл басынан бері мал басының барлық түрі бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң динамика қалыптасып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де артты.
Қызылорда облысында ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз ету және пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайта айналымға енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану және елді мекендердің жайылым қажеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындауға бағытталған.