Құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі мердігер мекемеге нысан құрылысын белгіленген мерзімде аяқтап, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Жалағаш кентіндегі теміржол жолаушыларына қызмет көрсету пунктінің ғимаратын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін теңгерім иесі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ мен «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС арасында келісімшарт жасалған.

Қазіргі таңда ғимараттың ішкі қабырғаларына әрлеу жұмыстары жүргізіліп, нысан аумағы жобаға сәйкес абаттандырылуда.

Аудан әкімі әрбір құрылыс нысанының уақытылы әрі сапалы аяқталып, мерзімінде халық игілігіне берілуі тиіс екенің ескертті.