Қоғамдық өмір
Адам өмірі мен денсаулығын қорғау - кез келген қоғамның тұрақты дамуының басты негіздерінің бірі. Осы жауапты міндетті күнделікті кәсіби қызметіне арқау еткен санитариялық-эпидемиологиялық сала мамандары жұқпалы аурулардың алдын алып, халықтың санитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келеді. Атаулы күн қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған саланың қалыптасу тарихы, бүгінгі жұмысы мен жетістіктері сөз етілді.
Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібі мен жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұратбек Манатов мәлімдеді.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы жол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған жобалар қазіргі уақытта кезең-кезеңімен ел игілігіне айналуда.
Ауыл тұрғындарының өз кәсібін ашып, тұрақты табыс көзін қалыптастыруына мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2026 жылы бірқатар жаңа жобалар жүзеге асырылып келеді.
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жұмысшы мамандықтары бойынша кадр даярлаудың жаңа тәсілдерін енгізу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасын қолдау мақсатында, «Оңталап» шаруа қожалығының демеушілігімен Ақтөбе ауылында құны 50 млн теңгені құрайтын жаңа өрт сөндіру бекеті ашылып, ел игілігіне табысталды.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте коммуналдық қызметтердің бірыңғай төлем құжатына қатысты мәселе қаралды.
Өздеріңізге белгілі, аудан көлемінде кәсіпкерлік саласы мемлекеттік қолдаулар мен жаңа бағдарламалардың арқасында тұрақты түрде дамып келеді. Осы бағытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бірқатар ауыл тұрғындары жеке кәсіптерін дөңгелетіп, табысты етіп жүргізуде.
Бүгінгі таңда Сырдария өзені арқылы аудан аумағына 185 текше метр су келіп түсуде. Алдағы күндері Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына қарай секундына 250-300 текше метрге дейін су көлемі жіберіледі деп күтілуде. Қазір Ә.Тыныбаев атындағы су торабы арқылы Ақсай арнасына 3, «Оң жаға» каналына 7, «Сол жаға» каналына 10 текше метр секундына су жіберілуде.
Қызылорда облысында тіл үйренуге деген сұраныс жоғары. Бұған дейін 282 адам тілдік курстардан өтіп, сертификат алған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов мәлімдеді.
Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырды деген күдікке ілінген әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
«Абзал и К» серіктестігінің толық автоматтандырылған күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Бұл – өңірдің өңдеу өнеркәсібін дамытудағы ірі жобалардың бірі. Заманауи кәсіпорынға 1 млрд теңге қаржы салынған, өндірістік қуаты 2,5 есе артып, қалдық көлемі 3-4 пайызға дейін азайды. Зауыт сағатына 12 тонна күріш өңдеуге қауқарлы.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында алдағы 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланды.
Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жастар арасында буллинг пен лудоманияға жол бермеу, қоғамдық тәртіпті күшейту мәселелері қаралды.
1949 жылдан 1989 жылға дейін Семей ядролық сынақ полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді. Жасалған жарылыстардың зардабы Семей өңірімен ғана шектелмей, қоршаған ортаға және халық денсаулығына үлкен әсер етті. Ресми деректер бойынша, ядролық сынақтардың зардабын 1,5 миллионнан астам адам тартты.