Білім беру жүйесі
Бүгін Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Жалағаш ауданының руханият орталығында педагогикалық қауымдастықпен жиын өткізді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және мемлекеттік мекемелердегі ашықтықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақты дамуына септігін тигізеді. Бұл бағытта заң талаптарын түсіндірумен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала анықтап, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға ерекше мән беріледі.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібековпен білім саласындағы нәтижелер және 2026–2027 оқу жылындағы негізгі жоспарларға арналған баспасөз брифингі өтті.
Мектептегі ата-аналар чаттарына ортақ регламент әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Онда қандай сұрақтарға шұғыл жауап беру керегі, қай тақырыптарды чатта талқыламауға болатыны және мұғалімдердің қандай чаттарға қатысатыны белгіленбек.
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ жадында қалатын тағылым. Сондықтан бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар берген ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаеваның 75 жас мерейтойына орай арнайы қабылдау өтті.
Қала әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындалып жатқан отбасыларға қолдау көрсету және мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын қолжетімді бағамен ұсыну.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиында аудан әкімі жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін тапсырды.
Үкімет отырысында балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктерімен бірлесе отырып, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың өртке және терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде жіберілген кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды.
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінде кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне сәйкес жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте басты назарда болуы тиіс мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қызылорда облысының мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI 2026) күміс медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты!
Республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарынан бөлек, еліміздің жоғары оқу орындарында талапкерлерді қолдауға арналған өзіндік бағдарламалар бар.
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру ұйымдарындағы сапаны бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету және білім алушылардың жетістіктерін бағалау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент басшысы Мәди Бекмағанбетов мәлімдеді.