Жалпы жаңалықтар
«Әділет» партиясынан облыстық мәслихатқа партиялық тізім бойынша үміткер Руслан Рүстемұлы және партия атынан Қызылорда қалалық мәслихатына кандидаттар «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ұжымымен кездесті.
Ауылдың өркендеуі – ондағы халықтың тұрмыс сапасымен, тұрақты жұмыс орындарымен, сапалы инфрақұрылыммен және жастарға жасалған мүмкіндіктермен өлшенеді.
Қызылордада «Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер теміржолшылар ұжымымен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда «Отандық өндірісті дамыту мен қолдау шаралары» мәселесі қаралды.
Қызылордада «Әділет» партиясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер әйелдер қауымымен кездесіп, партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы әлеуметтік сала мен білім беру бағыттарының басымдықтарын таныстырды.
Қазақстанда автомобиль жолдарының жай-күйі, құрылысы, жөндеуі және сапасын бақылау туралы ақпаратты біріктіретін E-Joldar бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты - жол инфрақұрылымы туралы толық цифрлық ақпарат қалыптастырып, оны азаматтарға, жол саласының қызметтеріне және мемлекеттік органдарға қолжетімді ету.
Қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен жастар орталығының, қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердің жастар ісі жөніндегі мамандары, сондай-ақ оқу орындарындағы жастар комитеттері жетекшілерінің қатысуымен «Командалық жоспарлау» тақырыбында тренинг өтті.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге орай мәжіліс өтті. Онда Денсаулық сақтау министрінің келісімі негізінде, Фармация комитеті төрағасының бұйрығымен комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Ермекбаев Нұрсұлтан Әлімбайұлы таныстырылды.
Шаһар басшысы Нұржан Ахатов Ақжарма ауылдық округінде болып, сайланған ауыл әкімін тұрғындарға таныстырды.
Қызылорда облысының Әділет департаменті 2026 жылдың тоғыз айында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, алимент өндіру, тегін заң көмегін көрсету, зияткерлік меншік құқығын сақтау және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында бірқатар жұмыс атқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Баукен Әлмеш мәлімдеді.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Vigor Holding» компаниясының Шиелі ауданындағы қуаттылығы 20 МВт күн-электр станциясын іске қосу рәсімі өтті. Оған облыс прокуроры-инвестициялық омбудсмен Ризабек Ожаров, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аталған компанияның және жобаға қаржылай қолдау көрсеткен «Қазақстанның Даму Банкінің» өкілдері арнайы қатысты.
Қызылордада ерекше балаларға оңалту қызметін тұрақты түрде көрсетуге бағытталған ата-аналар бастамасы назарға алынды. Қазір 50-ге жуық аналар өз күштерімен қолға алған жобаны толыққанды іске қосу үшін ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге көмек сұрап отыр. Бұл мәселе «Әділет» партиясының Қызылорда облыстық филиалында балалардың құқықтарының қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өткен Ашық есік күнінде көтерілді.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Арал қаласына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылған «Арал теңізі» теміржол вокзалының ашылу салтанаты өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Қызылорда облысында «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда.