Қоғамдық өмір
Бүгін Маңғыстау облысында әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті.
Аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің ауыл тұрғындарымен кездесуі Таң және Бұқарбай батыр ауылдық округтерінде жалғасты.
Аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтың жұмыс сапары Аққұм және Ақсу ауылдық округтерінде жалғасты. Сапар барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті.
Аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің жұмыс сапары Қаракеткен және М.Шәменов ауылдық округтерінде жалғасты. Сапар барысында елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті.
Бүгін Қызылордада қаланың жол-көлік инфрақұрылымын өркендетудегі маңызды жоба басталды. И.Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысының капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Бүгін аудан әкімі Ерлан Төрәлиевтің қатысуымен Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың Қармақшы ауданына жұмыс сапары аясында қайта жаңғыртылған «Жосалы» теміржол вокзалының ашылу рәсімі өтті. Оған ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Бүгін ауданымызда Дүниежүзілік тазалық күніне орай, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тағылымды акция өтті. Қайта жаңартылған «Дендро саябағында» ұйымдастырылған игі шара барысында аудан әкімі Жандос Еркінбек бастаған тұрғындар мен белсенді азаматтар тал егіп, елді мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
Бүгін Төретам теміржол вокзалының да ашылу салтанаты өтті. Оған Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
«Қала күні» мерекесі аясында «Жастық шағымның куәсі – Қызылорда!» атты дәстүрлі ретро-фестиваль өтті. Ашық аспан астындағы мәдени шара өнерпаздардың тақырыптық қойылымымен басталды. Әнші-композитор Өктем Алтаев өзінің танымал әндерін орындап, ретро-кештің көркін қыздырды.
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек бірқатар маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады.
Жетісу облысында мефедрон өндіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тінту кезінде одан 4,5 килограмнан астам психотроптық зат тәркіленген. Бұл туралы өңірдегі прокуратура мәлім етті.
24 сентября 2026 года в городе Кызылорде состоится «Единый день отчетности».
2026 жылғы 24 қыркүйекте Қызылорда қаласында «Бірыңғай есеп беру күні» өткізіледі.
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық жайы талқыланған кеңес өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты. Жиында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның әзірлігі, энергия көздері мен жылу желілерін жөндеу, отын қорын қалыптастыру мәселелері қаралды.