Қоғамдық өмір
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде сенбілік ұйымдастырылды.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралады. Алдымен «Еңбек» саяжайы аумағына салынатын тоғыз қабатты 22 тұрғын үйдің құрылыс алаңына барды. Мұнда 1 936 пәтері бар заманауи тұрғын үй кешені бой көтереді. Жобаны жүзеге асыруға 44 млрд. 718 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінде мердігер мекемелер анықталды.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін «Руханият» орталығында Дауылкөл ауылдық округінің әкімі Сабырхан Зайыровпен 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз брифингі өтті.
Төретам кентінде тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Осыған орай аудан әкімі Жандос Еркінбек жұмыс сапарымен Төретам кентіне барып, күрделі жөндеуден өткізіліп отырған теміржол вокзалының және аумақты абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын тексеру мақсатында қаладағы бірқатар нысанды аралады.
Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жалағаш кентіндегі теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстарын бақылап көрді.
Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов пен аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Қызылорда-Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 70,05 шақырымындағы «Қашыртқы» каналы арқылы өтетін көпірді барып көрді.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданда салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. «Ақтерек» жер учаскесінде биыл әлеуметтік осал санаттағы, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған 50 пәтерлік тұрғын үй салынуда.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мәселелері қаралды.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжілісі өтті. Мәжілісте Жалағаш ауданының 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен аудан бюджетінің жобасы қаралды.
Кейінгі жылдары киелі ауданымызда тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру жолында бірқатар жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі 2024 жылдан бастап жалпы құны 12,6 млрд теңгені құрайтын «Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және сумен бұру жүйелерін реконструкциялау» жобасының құрылысы жүргізілуде. 2024 жылы -3,2 км кәріз жүйесі жаңғыртылды. 2025-2026 жылдары 31,1 км кәріз жүйесі жаңғыртылса, су құбыры жұмыстары бойынша 1900 метр траншея қазылып, 1850 метр д-315мм полиэтилен құбыры салынды.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты облыстық байқаудың жүлдегерлері марапатталды.
Ақжар ауылында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ауылдағы Ораз ахун және Ж.Тұяқбаев көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны іске асыруға облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстарын «Жаңақорған Жібек жолы» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында ІІІ Интернационал ауылдық округінің тұрғыны көлік жуу орталығын ашу үшін 5 млн теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, өз кәсібін бастады.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының елорданы еліміздің батыс өңірлерімен жалғайтын «Орталық – Батыс» жобасын жүзеге асыру тапсырмасы стратегиялық маңызға ие. Автожол құрылысы Үкімет басшысының бақылауында. Осыған орай Көлік, Қаржы, Ұлттық экономика, Әділет министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығының және мердігер ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өткіздім.