Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының барысын қарап, нысандардың сапалы әрі белгіленген талаптарға сай салынуы қажеттігін ескертті.
Мердігер мекеме мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу, белгіленген мерзімнен кешіктірмеу және нысандарды уақытылы пайдалануға беру бойынша нақты міндеттер жүктелді. Айта кетейік, «Ақтерек» аумағындағы 50 пәтерлі тұрғын үй кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында салынуда. Ал Дәуімбай елді мекеніндегі 16 пәтерлі тұрғын үй апатты деп танылған баспаналардың мәселесін шешу мақсатында бой көтеруде.