Қала әкімдігінің және қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Заң. Тәртіп. Жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры кезекті еңбек демалысынан кейін 72-ші театр маусымын ашты. Жаңа маусымның шымылдығы көрерменге ой салар жаңа қойылым – «Ку-ку» трагикомедиясымен түрілді.
Ел ішіндегі таланттарды қолдап, олардың шығармашылығын таныту – мәдениетті дамытудағы маңызды бағыт. Осы ретте жыл сайын ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» фестивалі Қармақшының өнерлі өрендерін бір сахнаға тоғыстырып, аудан тұрғындарына рухани мереке сыйлап келеді.
Қазақтың рухани әлемінде жыраулық өнердің орны айрықша. Жырау – елдің тарихын, халықтың мұңмұқтажын, армантілегін, салт-санасы мен дүниетанымын сөз өнері арқылы ұрпақтанұрпаққа жеткізуші тұлға. Әсіресе Сыр бойында ғасырлар бойы қалыптасқан жыраулық дәстүр қазақтың дәстүрлі өнерінің алтын арқауына айналды. Осы қасиетті өнердің өрісін кеңейтіп, кейінгі буынға аманат еткен көрнекті жыраудың бірі – Орақ Дәнекеров.
Бүгін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес «Руханият» орталығында Отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен мерекелік қабылдау өтті.
Қармақшы ауданы бойынша бүгінде 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6 республикалық маңызы бар, 58 жергілікті маңызы бар, 2 алдын-ала тізіміне алынған. Бұл жәдігерлер халқымыздың рухани құндылығына айналған киелі орындар ретінде ерекше маңызға ие.
Сыр сүлейлерінің ірі өкілдері Шораяқтың Омары мен Тұрмағамбет Ізтілеуов өз жырларында Сүйкімбай және Сүйіндікті ерекше атап өткен. Белгілі ақындардың ықылас жырына бөленген Сүйкімбай мен Сүйіндіктің есімдерін білгенімізбен көптеген жұртшылық олар туралы толымды ешнәрсе білмейді. Оған себеп олардың 1916 жылғы аласапыран кезінде Түрікменстан жаққа өтіп кеткені, екіншіден іздеушісі, сұраушысы болмауынан деп түсінген дұрыс.
11 қыркүйек күні Жаңақорған кенті, орталық алаңда кітап оқу мәдениетін насихаттау, оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту, жергілікті қаламгерлер шығармашылығын таныту және рухани құндылықтарды дәріптеу мақсатында «КІТАП-TIME-2026» V республикалық фестивалі аясында аудандық кітап фестивалі өтті.
Бүгін «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Елімізде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» республикалық марафоны басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығын іске асыруға бағытталған жоба қоғамда тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды, сыни ойлауды дамытуды және Қазақстанды әлемдегі кітап оқитын озық он елдің қатарына қосуды көздейді.
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қолдауымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың бірқатар ардагері киелі мекендердің бірі – Ер Сейітпенбет әулиенің кесенесіне барып, зиярат етті.
Отбасы күні қарсаңында «Отбасы орталығында» тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Гауһар той», «Алтын той», «Лағыл той», «Інжу той», «Күміс той» белестеріне жеткен өнегелі отбасылармен және жас шаңырақ иелерімен жүздесті.
Отбасы күні қарсаңында «Отбасы орталығында» тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Гауһар той», «Алтын той», «Лағыл той», «Інжу той», «Күміс той» мерейтойларына жеткен өнегелі отбасылармен және жас шаңырақ иелерімен кездесті.
Алыпқорған қалашығы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы көне археологиялық ескерткіштердің бірі. Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай шамамен 65 шақырым, ал Байқоңыр қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан. Ең қызығы – Алыпқорған қалашығының тарихы біздің дәуірімізге дейінгі IV–II ғасырларға жатады. Яғни бұл мекенге бүгіннен шамамен 2200–2400 жылдай уақыт болған. Бұл кезең Сыр өңіріндегі ежелгі өркениеттердің қалыптасып, дамыған уақыттарының бірі еді.