Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмас Құрманов хабарлады.
Негізгі өзгеріс — төлем алудың ең ұзақ мерзімі қысқарады. Енді жәрдемақы бұрынғыдай алты ай емес, үш ай бойы төленеді. Жәрдемақы жоғалтқан табыстың 45%-ы мөлшерінде тағайындалады. Алайда төлем көлемі сақтандырылған табыс сомасынан аспайды. Бұл шектеу жекелеген адамдардың 1 млн теңгеге дейін жәрдемақы алуына мүмкіндік берген көлеңкелі жүйені жою үшін енгізіледі.