Аталған жиынға жергілікті қоғамдастық мүшелері, Ауыл әкімі М.Ибраев, Баймұрат батыр ауылындағы №218 орта мектеп директоры Е.Басқожаев, Талдыарал елді мекеніндегі №215 орта мектеп директоры Т.Ақтілеуова, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Ж.Сарбалаев, Ақжарма дәрігерлік амбулаториясының дәрігері З.Мұханқызы, №9 және №11 кітапханаларының меңгерушілері З.Бөбекова, Р.Алтаева және жауапты  мамандар қатысты. 
Күн тәртібінде бес маңызды мәселелер ұсынылды.
Атап айтқанда, 
Бірінші - Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының алдағы кезеңге жоспарлары, жобалары мен өзекті мәселелері.
Екінші - Әкімшілік аумақта қоғамдық тәртіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен тікелей жұмыс бойынша хабарлама.
Үшінші – Аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бойынша. 
Төртінші - Жергілікті қоғамдық кеңес жиналысының құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Бесінші - Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды.
Жиын барысында ауыл әкімі хабарлама жасап, алда атқарылатын жоспарлар таныстырылып, жүзеге асырылатын жобалар мен басым бағыттар айқындалды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты жергілікті қоғамдастық жиналыс өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.