Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басымдықтар қаралды.
Кездесу барысында сала мамандарының елде және өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерден хабардар болуы, Жолдауда белгіленген басымдықтарды халықпен кездесулер мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында тиімді пайдалану мәселелері сөз болды. 
Жиын қорытындысында дін саласындағы жұмысты жетілдіру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағыттары талқыланды.