Жиында тестілеуге қатысқан округтік сайлау комиссия мүшелерінің білім деңгейі сараланды.
Онда ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері, комиссиялардың дауыс беру күніне дайындығы, сайлау заңнамасын қолдану тәжірибесі және сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Өңірде сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс орталығы мен аудандарда көшпелі оқыту семинарлары ұйымдастырылып, комиссия мүшелерінің теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан бекітуге бағытталған жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар мен сайлау рәсімдерінің симуляциялары өткізілуде.

Бұған дейін ОСК делегациясымен округтік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту семинары ұйымдастырылып, олардың сайлау заңнамасы бойынша білім деңгейін бағалауға бағытталған тестілеу өткізілді.

Семинарға 94 комиссия мүшесі қатысты. Аумақтық сайлау комиссияларынан құралған лекторлар практикалық жағдаяттарға басымдық беріп, сайлау рәсімдерін ұйымдастыру, комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мен жауапкершілігі, сайлау заңнамасының талаптарын тәжірибеде қолдану және дауыс беру күні туындауы мүмкін түрлі жағдайларда заңға сәйкес шешім қабылдау мәселелерін қамтыды.