Жәрмеңкеде Қызылорда облысының дихандары мен шаруашылықтары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші бағаларымен сатылады.
Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 25 тонна балық өнімдері, 200 тонна бақша өнімдері, 50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.
Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді елі ырысты, жері күрішті Сыр елінің диқаншылары мен ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!