Алдымен Ақжар ауылдық округіндегі «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС-нің егіс алқабына барып, биылғы егін жинау науқанына дайындығы мен жұмыстардың барысын көрдім. Шаруашылықтың жалпы егістік көлемі 1 781 гектарды құрайды. Оның ішінде 866 гектарға күріш, 43 гектарға жүгері, 110 гектарға мақсары, 110 гектарға судан шөбі, 646 гектарға жоңышқа және 6 гектарға бақша дақылдары егілген.

Сонымен қатар ІІІ Интернационал ауылдық округіндегі «Болашақ» шаруа қожалығының егіс алқабына бардым. Шаруашылықтың жалпы егістік көлемі 714 гектар. Оның 376 гектарына күріш, 3 гектарына картоп және бақша дақылдары, 335 гектарына жоңышқа егілген.
Сапар барысында егіс алқаптарындағы жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізуді қажеттігін және алдағы науқанға тиянақты дайындық жүргізу жөнінде бірқатар міндеттер жүктелді.