Жәрмеңкеге ауданнан 42 автокөлікпен 98,4 тоннаға жуық өнім жеткізілді. Оның ішінде:
🔹 күріш – 17 тонна;
🔹 бақша және көкөніс өнімдері – 55 тонна;
🔹 ет өнімдері – 5 тонна;
🔹 балық өнімдері – 3 тонна;
🔹 жеміс-жидек – 6 тонна;
🔹 сүт өнімдері – 0,5 тонна;
🔹 кондитерлік өнімдер – 0,5 тонна;
🔹 бал – 0,2 тонна;
🔹 жиде – 0,1 тонна;
🔹 тұздалған өнімдер – 0,1 тонна.
Сонымен қатар жәрмеңкеге қажетті жем-шөп те сатылымға ұсынылды.

Қармақшылық шаруалардың берекелі еңбегінің нәтижесі – сапалы өнім қала тұрғындарына қолжетімді бағамен ұсынылуда!