Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда өңірінің брендіне айналған ақ күріші, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын, қарбыздар мен ұлттық сусындар ұсынылады.

Жәрмеңкеде Қызылорда облысының дихандары мен шаруашылықтары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндіруші бағаларымен сатылады.

Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 25 тонна балық өнімдері, 200 тонна бақша өнімдері,  50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.

Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.