Биыл аудан бойынша 11 449 гектар күріш орналастырылды. Салыстырмалы түрде, 2025 жылы күріш 12 993 гектар алқапқа егілген болатын.
Сонымен қатар биылғы егіс құрылымында:
733 га – дәндік жүгері;
1 027 га – жаздық бидай (2025 жылы – 1 000 га);
200 га – арпа (2025 жылы – 130 га);
1 182 га – мақсары (2025 жылы – 1 163 га);
80 га – сүрлемдік жүгері (2025 жылы – 39 га);
140 га – соя;
8 577 га – жоңышқа, оның ішінде жаңа жоңышқа – 3 451 га, ескі жоңышқа – 5 126 га (2025 жылы – 8 900 га);
843 га – судан шөбі (2025 жылы – 56 га) орналастырылды.
Картоп, көкөніс және бақша дақылдары бойынша биыл жалпы 1 215 гектар жерге егіс орналастырылды. Оның ішінде картоп – 170 га, көкөніс – 456 га, бақша дақылдары – 589 га.
Сонымен қатар тұрғындардың өз қажетіне және қосымша табыс көзі ретінде өнім өндіруіне мүмкіндік жасау мақсатында ұжымдық түрде бақша дақылдарын егу жұмыстары да ұйымдастырылды.
2026 жылға 420 гектар жерге 960 отбасын орналастыру жоспарланып, оның ішінде:
97 га – картоп;
63 га – көкөніс;
260 га – бақша дақылдары орналастырылды.
Салыстырмалы түрде, 2025 жылы ұжымдық түрде 415 гектар жерге 950 отбасы орналастырылған болатын.
Аталған жұмыстар ауыл тұрғындарын жермен қамтамасыз етуге, азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін арттыруға және халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Жер – ырыстың кіндігі. Берекелі еңбек – мол өнімнің негізі!