Қазіргі таңда анықталған 10 440 гектар жердің барлығында залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді. Оның ішінде:
* 8 440 гектар – мемлекеттік жерлер;
* 2 000 гектар – шаруашылық құрылымдарының жер учаскелері.
Сонымен қатар биыл 5 шілдеде Дауылкөл ауылдық округіне қарасты «Тұрмағамбет» ЖШС-нің егістік алқабынан азиялық шегіртке (азиятка) ошағы анықталды. Анықталған ошаққа жедел түрде тиісті шаралар қабылданып, 6 шілде күні арнайы авиация көмегімен 400 гектар жер өңделді.

Жүргізілген фитосанитариялық іс-шаралардың негізгі мақсаты – шегіртке зиянкестерінің таралуын болдырмау, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау және егіс алқаптарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Анықтама үшін: 2025 жылы аудан бойынша 13 000 гектар жерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 5 000 гектар аумақта залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген.
Қармақшы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғау бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.