Ауыл шаруашылығы жаңалықтары
Биыл облыстың егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін 3,2 млрд текше метр су лимиті бекітілді. Вегетациялық кезең басталғалы Сырдария өзенінен каналдар арқылы 2,9 млрд текше метр су алынып, оның 2,4 млрд текше метрі егістікке жеткізілді. Жалпы биыл өңірде 185,8 мың гектар ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Өзіміздегі тың жобаға түрен түсті. Бұған дейін өз басылымызда жазып өткендей, Жалағаш ауданында инвестиция тартумен қатар, жұмыспен қамтылу көрсеткіштерінің орындалуына да көп септігін тигізетін жобалар барын айтқанбыз. Соның бірі һәм бірегейі – «Харвест Агро Холдинг» компаниясының техникалық қарасора, жүгері және сояны өсіру және қайта өңдеу бойынша агро-индустриялық кластерін құру.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте егін шаруашылығының қазіргі жағдайы талқыланды.
Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы аудан әкімі Ардақ Ибраимов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.
Аймақтың табиғи-климаттық және топырақ ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке, оның ішінде күріш егісіне бейімделген. Аудандағы 359 шаруашылықтың 223-і егінмен және 136-сы мал шаруашылығымен айналысады.