Кездесулерде ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым және абаттандыру мәселелері талқыланды. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді.

 Кездесуден кейін аудан әкімі ауылдардағы әлеуметтік нысандарды аралап, олардың жылу маусымына дайындығын тексерді. Нысандардың жылу жүйесі, инженерлік желілері мен жалпы әзірлік деңгейі қаралды.

Сонымен қатар, елді мекендерде атқарылуы тиіс жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу, қаржыландыру көздерін айқындау және тиісті жұмыстарды уақытылы бастау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Ауыл тұрғындарының ұсыныстары алдағы жұмыс жоспарында ескеріліп, көтерілген мәселелердің шешілу барысы бақылауда болады. Елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.