Кездесуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы, мемлекеттік органдардың және Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлы қатысты.
«Арал өңіріндегі «Салауатты болашақ» құжаты: 2026–2030 жылдарға арналған «Арал теңізі – қоршаған орта және денсаулық» бағдарламасына қарай» атты құжат биыл сәуір айында Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың практикалық жалғасы болып табылады. Құжат өңірдегі профилактикалық іс-шараларды, медициналық және экологиялық мониторингті күшейтуді көздейді.
Сондай-ақ, жол картасы санитариялық-эпидемиологиялық және медициналық мониторингті күшейтуді, ғылыми зерттеулерді дамытуды, сонымен қатар су мен ауаның сапасы, климаттық және басқа да факторлардың халық денсаулығына әсерін талдау үшін цифрлық технологияларды пайдалануға бағытталған.