Зияткерлік сайысқа қалалық дербес бөлімдер мен кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілері қатысты. Шараның басты мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің сыни ойлау қабілетін арттыру, дәлелді пікір білдіру және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс пен моральдық-әдеп құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Турнирде қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, талдау және шешендік шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытып, үздік өнер көрсеткен командалар қала әкімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.