Бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ел іші – өнер кеніші» мәдени шарасы өтті.
«Сыр өңірі – қашаннан жыраулық өнер мен айтыстың алтын қазығы қағылып, тектілік туы тігілген мекен. Соның ішінде киелі Жалағаш топырағынан талай тума талант, суырып-салма ақындар шықты. Соның бірі саф өнерді жанына серік еткен Айдос Рахметов бүгінде ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген елімізге белгілі ақын әрі жырау.