Марал ишан Құрманұлы (1780–1841) – діни ағартушы, ағартушылық қызмет атқарған көрнекті тұлға, ел арасында әулие атанған тарихи қайраткер. Ол ислам дінінің құндылықтарын насихаттап, халықты білімге, имандылыққа және бірлікке үндеген тарихи тұлға.
Қармақшы ауданында орналасқан Марал ишан кесенесі – еліміздің тарихи-мәдени мұраларының бірі әрі зиярат ететін орын. Бұл қасиетті орынға жыл сайын еліміздің әр өңірінен зиярат етушілер келіп, баба рухына тағзым етеді.
Тарихи-мәдени мұралар – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір. Осындай киелі орындарды танып-білу, құрметтеу және келер ұрпаққа аманат ету – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Туған жердің тарихын бірге танып, бірге дәріптейік!