Бүгін Көшеней Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты іс-шара өтті. Рухани маңызы зор кездесуге аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, айтулы мерекемен құттықтады.
Қауқан Тоқмырзаұлы 1881 жылы Бұқарбай батыр ауылында ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. Сол кездері, ел аралап ұсталық кәсіппен айналысып, елдің тұрмысқа қажетті заттарын жасап беріп, мұң-мұқтажын жоқтап жүрген атақты Кіикші Кетебайдың Мақаны деген кісіге әкесі Тоқмырза баласы Қауқанды 13 жасында шәкірттікке беріп жіберген. Сол кеткеннен ұсталар көрші Торғай бойына жетеді. Сол жерде Қауқан бабамыз 17 жасына дейін ұсталық өнердің қыр-сырын меңгереді.
«Руханият» орталығында ел бірлігі жолында ерлігімен танылған даңқты қолбасшы, Кіші жүз жасақтарының әйгілі сардары Тайлақ Мәтіұлының 333 жылдығына арналған «Батырлар институты: ұлттық рух пен құндылықтар сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жалағаш топырағында ежелгі қалашықтар мен мәдени-ескерткіштер ашық аспан астындағы музей іспеттес. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген адамдардың тыныс-тіршілігін суреттейтін бұл киелі жерлер көне дәуірден сыр шертеді.
Қармақшы даласына шыққанда алыстан көзге түсетін төбелердің жай ғана топырақ үйіндісі емес екенін біле түссең, оларға деген көзқарасың да өзгереді. Осы төбелердің астында бір кездері адамдар өмір сүрген, қала салған, қорған тұрғызған, арық тартып, тіршілігін жасаған.
Кебеже – халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде азық-түлік сақтауға арналған, ағаштан жасалған дәстүрлі бұйымдардың бірі. Оның түбі қалың тақтайдан құрастырылып, қақпағы сандық тәрізді жасалады. Кейбір кебежелердің беті сүйекпен өрнектеліп, көркем безендірілген.
Жосалы кентінің көркін арттырып, тұрғындардың демалысына қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі дендро паркке барып, мұнда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді.
Қармақшы ауданы бойынша бүгінде 66 тарихи-мәдени ескерткіштер мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 6 республикалық маңызы бар, 58 жергілікті маңызы бар, 2 алдын-ала тізіміне алынған. Бұл жәдігерлер халқымыздың рухани құндылығына айналған киелі орындар ретінде ерекше маңызға ие.
Қазақ даласында жер-су атаулары көп және олардың барлығының өзіне тән тарихы бар. Көшпенді өмір сүрген халқымыз баябан даладағы өзі жайлап-қыстаған жерлерінің киесі мен қасиетіне қатысты, жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай және сол жерде орын алған тарихи оқиғаларға орайластырып атау беріп отырыпты. Сол атаулар күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Сыр елінің маржаны — Қармақшы ауданы өзінің бай тарихымен, рухани құндылықтарымен және әлемдік деңгейдегі бірегей нысандарымен саяхатшыларды әрдайым баурап келеді.
Бүгін аудандық жыраулар үйінде «Жыраулар жырын төккенде» атты рухани жыр кеші жоғары деңгейде өтті.
ХІХ ғасырда патша отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген қазақ ханы Кенесарыны қолдаған батырлардың бірі Бұқарбай Естекбайұлы.
Сыр елінің рухани мұрасын байытып, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, артында өшпес із, алтын қолтаңба қалдырған тұлғаларымыз жетерлік. Солардың бірі әрі бірегейі – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы.
Шөлейт даланың ортасында көне қаланың жұрты жатыр дегенге бірден сену қиын. Айналада – үнсіз дала, ал алдыңда ғасырлар бұрынғы өркениеттің іздері.
Сыр бойын мекендеген халықтың тарихы тереңде жатыр. Қармақшы жеріне аяқ басқан сайын көне дәуірдің ізін, бабалардан қалған тарихи орындарды кездестіруге болады. Солардың бірі – Баланды кесенесі.