Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жерлесіміз, ақын, жырау Айдос Рахметовтың «Жыр нөсер» атты отбасылық шығармашылық кеші өтті.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов қатысып, аудан әкімінің Алғысын жеткізді. Сондай-ақ өнер иесінің шығармашылық жолына тоқталып, ақынға құрмет көрсетті.

 Айтыс аламанында, жыр додаларда да талай мәрте жүлделі орындарға ие болып, аудан абыройын асқақтатып келеді», – деді Ғ.Сүлейменов.

Шығармашылық кеш барысында өнер иесі отбасымен бірге өз туындыларын ұсынып, халыққа кеңінен танымал жыр-термелерді орындады. Әрбір толғау мен жыр дастандары тыңдарман көңілінен шықты.

Жыр маржанын аңсаған жұртшылық жыраудың әрбір туындысын ыстық ықыласпен қабылдап, зор қошемет білдірді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі