Сортөбе қалашығы – Қармақшы топырағының ортағасырлық мұрасы
Қалашық – өңірдің тарихи-мәдени мұрасында маңызды ескерткіштердің бірі. Ортағасырлық кезеңге жататын ескерткіш ежелгі қоныс мәдениетін, сол дәуірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігін зерттеуде ерекше маңызға ие.
Археологиялық зерттеулер барысында мұнда қыш ыдыстардың сынықтары, тұрмыстық бұйымдар мен құрылыс іздері анықталған. Бұл деректер Сортөбенің өз заманында өмір қайнаған қоныс болғанын дәлелдейді. Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Трапеция түрінде сақталған қалашық сол жағы өзен суымен шайылып кеткен. Қамал жартылай қираған, бұрыштық мұналары бар бекініс, қабырғалары ұзындықтары шығысында- 100 м, батысында - 65 м,оңтүстік жағында-80 м,сақталған биіктері- 5-6 метрді құрайды.