АҚМАМБЕТ КЕСЕНЕСІ – ТАРИХИ МҰРАНЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ
Ақмамбет кесенесі – XIX ғасырға жататын сәулет ескерткіші. Ескерткіш Қармақшы ауданы аумағында, Кекірелі ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде орналасқан. Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Кесене кам кесектен тұрғызылған,биіктігі 5 м бұрыштарымен дүниенің төрт тарабына бағытталған.Қабырға биіктігі 2 м бөлменің ортасында қабір орналасқан. Кесене толығымен сыланған,күмбезі мен бетшесінің бір бөлігі табиғи факторлардың әсерінен қирап қалған.