«Қалашық» деген атаудың өзі бұл жерде бір кездері адамдардың тұрақты мекені болғанын аңғартады. Мұндай көне қоныстар сол дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы, қорғаныс жүйесі және қоршаған ортамен байланысы туралы құнды мәлімет бере алады.
Алыпқорғанның қазір археологиялық ескерткіш ретінде мемлекеттік қорғауға алынуы да оның тарихи маңызын көрсетеді. Мемлекеттік құжаттарда ескерткіштің қорғау аймақтары да белгіленген. Негізгі ескерткіш аумағы 3078,06 шаршы метр, ал оның қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары да арнайы белгіленген. Алыпқорған қалашығы – бізге жеткен сондай үнсіз тарихтың бірі. Оны зерттеу, қорғау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамызға ортақ міндет.
Туған жердің тарихын білу – өз тарихыңды білу деп білемін.