


Біраз уақыттардан соң Торғай бойына Сыр бойына керуен жүретінін естіп Қауқан ұста рұқсат алып еліне қайтады.
Төрт жылдан аса уақытта әкесі Тоқмырза баласы Қауқанды ертіп, дөнен өгізін жетелеп Торғай бойындағы Кіикші кете Киізбайдың Мақанынан ақ батасын алуға барады. Бата алып Сыр еліне оралған соң Тоқмырза баласының таудай талабын байқап, халқына пайдасы тисін деген ниетпен ұста дүкенін ашпақшы болады. Дүкеннің құрал-сайманын іздеп жүріп, Тереңөзек ауданында Боқай табынының дүкенінің құрал-сайманы сатылады дегенді естіп, бір бұзаулы қашарын беріп, барлық затты сатып алады. Ауылға құрал-сайманды жеткізіп, Қауқан ұста дүкен ашады.
Шаруашылыққа қатысты кетпен, балта, балға, шаншық, ара, пышақ, орақ, шалғы¬ларды металдан жасаған. Сонымен қоса, ағаштан да түйін түйген.
Сол уақытта қазіргі М.Шаменов атындағы ауылдан Айшағұл есімді сұлу бойжеткенмен сөз байласып, отау құрады. Екеуінен үш ұл, үш қыз өрбіді.