Ол - ардагерлер ұйымы атынан қарттарға құрмет көрсетуге, аға буынға ізет білдіруге шақыратын өнегелі сөздерді қоғамдық көліктерде орналастыруға ұсыныс білдіріп, бастама жүзеге асырылды.
Тағылымы мол бұл жазбалар әрбір жастың азаматтық және адамгершілік борышы саналатын сыпайылық белгісін ұстануға, ақсақал мен ақжелеңді қарияны ардақтауға, қоғамдық ортада әдеп сақтауға насихаттайды.

Расында, адамгершілік – адамның асыл қасиеті болса, шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің «Жас жеткіншіктеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген аталы сөзін санаға сынадай сіңіріп, келешек үшін кемел негіз болатын парасатты парызымызды сақтауды ұсынып отыр. Ендеше, баянды бастаманы ұлттық құндылықтарды дәріптеудің дәнекер жолы ретінде қабылдап, үлкенге құрмет көрсететін үлгілі үрдісімізден жаңылмайық.
