Шаһизада Өтетілеуұлы – саналы ғұмырын журналистика мен сөз өнеріне арнап, туған жердің тарихы мен тағылымын шығармашылығына арқау еткен қаламгер жерлесіміз. Оның еңбегі Сыр өңірінің рухани-мәдени өмірімен біте қайнасып келеді.

Мерейтой иесіне елдің ыстық ықыласын жеткізіп, ауданның атынан арнайы «Құттықтау» табыстадым. Ақынның азаматтық болмысы мен шығармашылық жолы кейінгі буынға өнеге деп білемін.

Кездесуде ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері ақжарма тілектерін білдіріп, мерейтой иесі де туған жеріне деген алғысын жеткізді.

Шаһизада аға, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Қаламыңыз мұқалмай, шығармашылық ғұмырыңыз ұзақ болғай. Елдің ықыласы мен халықтың құрметі әрдайым серігіңіз болсын!