Білім беру жүйесі
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ жадында қалатын тағылым. Сондықтан бүгін аудан әкімінің тапсырмасымен саналы ғұмырын білім саласына арнап, талай шәкірттің өмір жолына бағыт-бағдар берген ардагер ұстаз Дәмелі Жалғасбаеваның 75 жас мерейтойына орай арнайы қабылдау өтті.
Қала әкімдігі мен жергілікті кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындалып жатқан отбасыларға қолдау көрсету және мектеп формасы мен қажетті оқу құралдарын қолжетімді бағамен ұсыну.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиында аудан әкімі жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін тапсырды.
Үкімет отырысында балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдіктеріне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктерімен бірлесе отырып, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін, сондай-ақ олардың өртке және терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етуде жіберілген кемшіліктерді тез арада жоюды тапсырды.
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігінде кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне сәйкес жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте басты назарда болуы тиіс мәселелер жан-жақты талқыланды.
Қызылорда облысының мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансур Мамадахунов Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI 2026) күміс медаль жеңіп алып, еліміздің абыройын асқақтатты!
Республикалық бюджет және жергілікті атқарушы органдар қаражаты есебінен бөлінетін мемлекеттік білім беру гранттарынан бөлек, еліміздің жоғары оқу орындарында талапкерлерді қолдауға арналған өзіндік бағдарламалар бар.
2026 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Қызылорда облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында білім беру ұйымдарындағы сапаны бақылау, мемлекеттік қызмет көрсету және білім алушылардың жетістіктерін бағалау бағыттарында жүйелі жұмыстар атқарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент басшысы Мәди Бекмағанбетов мәлімдеді.
Бүгінде Жалағаш ауданында 20 мектеп болса, 1250-ден астам педагог-мұғалім уақыт талабымен қызмет етіп, білім беру көшін жаңа белестерге бастап келеді. 7 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында жүр. Сондай-ақ 38 мектепке дейінгі ұйымда 1900-ға жуық бала тәрбиеленуде. Мұнан бөлек, «Оқушылар үйі», «Өнер мектебі» және екі спорт мектебінде жалағаштық өрендер қосымша біліммен қамтылған.
Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжановтың төрағалығымен жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына дайындық мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысына жұмыс сапарында Мемлекет басшысының қолдауымен ашылған Ботаникалық бақ пен «Ai-Kerim» оқу-сауықтыру орталығына барды. Еске салсақ, Президент саябағы аумағындағы бұл нысандар аймақты Нұрлыбек Машбекұлы басқарған кезде салынған. Құрылысына 4,9 млрд теңге бөлінген Ботаникалық бақ жобасының бас мердігері - «Alem Qurylys AQ» ЖШС.
Биылғы жылы Қазалы ауданында Жанқожа батыр атындағы № 70, С.Сейфуллин атындағы №165, Қ. Сәтбаев атындағы №216, Қ, Нұрмаханов атындағы №95, Ақсуат ауылындағы №100 және Ү.Түктібаев ауылындағы Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.