ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Qyzylorda Times
19.08.2026, 11:34
Бөлісу:
«Жаңа оқу жылы жақындап келеді. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін кезекшілік ұйымдастырыңыздар. Әсіресе, кент орталығындағы көлік қозғалысы көп орталық көшелерде орналасқан мектептер аумағындағы қауіпсіздікті күшейту қажет. Жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, жол белгілерін қайта сызып, жаңартыңыздар», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Сондай-ақ, суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шараларының орындалуы қаралды. Жауапты сала басшыларына су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.
Бұдан бөлек, алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы талқыланып, жылу нысандарының әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.