Ішкі істер министрлігіне «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасы аясында бұған дейін берілген нұсқамалардың орындалуын тексеру тапсырылды. Іс-шаралар жоспарының өзін қыркүйек айының соңына дейін ұзарту керек. Онда жол бойындағы балалар жарақатының алдын алуға баса назар аудару қажет.

«Балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда болуға тиіс. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері мен басқа да өңірлер барлық мектептердің бейнебақылау камераларын Ішкі істер министрлігінің Жедел басқару орталықтарына жыл соңына дейін қосылуын қамтамасыз етсін. Әзірге 7 өңірдің ғана барлық мектебі аталған жүйеге қосылған.
Мектептерге бекітілген полиция қызметкерлерінің міндеті тек құқықтық және түсіндіру сабақтарын өткізумен шектелмеуге тиіс. Балалар мен жастардың арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың аясын кеңейтіп, жандандыра түсу қажет»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.