2026 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес барлығы 41 864 гектар жерге егіс орналастырылды. Оның ішінде негізгі дақыл күріш көлемі 16 618 гектарды құрайды.
Шаруашылықтар тарапынан биылғы жылы 147 млн. теңгеге 3 дана ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды.

Егін шаруашылығымен бірге ауданда мал шаруашылығы да тұрақты дамуда.

Аудан көлемінде барлығы 34321 бас мүйізді ірі қара, 28281 бас  уақ мал, 38020 жылқы, 796 бас түйе, 9528 бас құс өсірілуде.