Аудан бойынша жыл басына 38 095 бас мүйізді ірі қара, 65 548 бас қой мен ешкі, 19 761 бас жылқы, 5 421 бас түйе, 24 352 бас құс тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мал басы бойынша айтарлықтай өсім қалыптасты. Атап айтқанда, былтырғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 100,9%, қой мен ешкі 100,2%, жылқы 102,1%, түйе 118,1%, үй құстары 105,2% көбейді.

Ағымдағы жылы аудан бойынша асыл тұқымды мал басының саны 1 038 басты құрады. Оның ішінде 230 бас мүйізді ірі қара тіркелген. Атап айтқанда, 223 бас Ақбас, 5 бас Қалмақ тұқымы және 2 бас Герефорд тұқымы. Сонымен қатар, 636 бас қой мен ешкі (519 бас қылшық жүнді, 117 бас Ордабасы тұқымы) және 172 бас жылқы (74 бас Жабы, 58 бас Мұғалжар, 30 бас Көшім, 10 бас Орыс ауыр жүк тұқымы) есепке алынған.
Есепті кезеңде аудан бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде де өсім байқалды. Атап айтқанда, 1 521,8 тонна ет өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,2%, 1 198,3 тонна сүт өндіріліп, 102,9%, 319,0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, 102,2%, сондай-ақ 8,2 тонна жүн өндіріліп, 102,2% құрады.
Ауданның мал шаруашылығы саласында мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында оң нәтижелер қалыптасуда. Алдағы кезеңде шаруашылықтарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін одан әрі арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.