Жалпы жаңалықтар
Үш жаңа ақылы жол учаскесінде бір айда жарты миллионнан астам көлік жүріп өтті.
Елдің құс етімен қамтылуы бес жылда 58%-дан 78%-ға өсті, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Астанада алғаш рет бортында жолаушы бар ұшқышсыз аэротакси сынақтан өтті.
Тергеу дерегінше, Жаманкөл шатқалында күрделі өндірістік өңдеуді қажет етпейтін табиғи алтын өндірілген. "Заңсыз әрекетті жасыру үшін аумақтың айналасына бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар маңайды торуылдаған. Олар бөгде адамдардың немесе мемлекеттік органдар қызметкерлерінің келгенін алдын ала ескертіп отырған", - дейді ҚМА ресми өкілі.
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Қызылорда облысында жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық өмірге кеңінен тартуға бағытталған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Қорқыт ата мемориалды аллеясында өткен жастармен кездесуде Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов хабарлады
Қызылорда облысында бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 43 аудиторлық тексеру өткізіп, қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында белгілі болды.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневті қабылдады. Кездесуде тараптар цифрландыру саласын дамыту мәселелерін талқылады.
WhatsApp қолданушылары аккаунты бұғатталып қалғанын айтып, шағымданды. Ақау біздің елде ғана емес әлем бойынша тіркелген.
Бүгін Қазалы ауданында Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен мерекелік жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.
Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Қызылорда облысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Қызылорда облысында халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Туберкулезбен сырқаттанушылық 10,5 пайызға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 7,5 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 13,9 пайызға төмендеді.
Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Харвест Агро» компаниясының Қызылорда өңірлік директоры Бақытжан Маралов пен компания өкілі Жәнібек Саянұлын қабылдап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Құрылтай – қоғам мен мемлекеттің өзара ықпалдастығын нығайтатын, елдің ұзақ мерзімді даму бағыттарын айқындауға және маңызды стратегиялық шешімдердің қабылдануына атсалысатын өкілді институт. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды таңдау.