Дрондар әуеден жылдамдықты асырған және жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтайды. Ал патрульдік көліктердегі мобильді кешендер көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, жаяу жүргіншіге жол бермеу, жылдамдықты асыру және маневр жасау ережелерін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейді.

Қазір республикалық маңызы бар 12 бағытта орташа жылдамдықты бақылау жүйесі жұмыс істейді.