Жалпы жаңалықтар
Қызылорда облысында бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 43 аудиторлық тексеру өткізіп, қаржылық бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында белгілі болды.
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы және Түрікменстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневті қабылдады. Кездесуде тараптар цифрландыру саласын дамыту мәселелерін талқылады.
WhatsApp қолданушылары аккаунты бұғатталып қалғанын айтып, шағымданды. Ақау біздің елде ғана емес әлем бойынша тіркелген.
Бүгін Қазалы ауданында Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде өткен мерекелік жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 1 тамыздан бастап «Ұлы дала елі» қолшатыр брендін пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсқа өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды.
Мемлекет басшысының 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Қызылорда облысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні түрлі салаларға енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында баяндады.
Қызылорда облысында халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды. Туберкулезбен сырқаттанушылық 10,5 пайызға, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 7,5 пайызға, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім 13,9 пайызға төмендеді.
Бүгін Н.Бекежанов атындағы драма театрда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Харвест Агро» компаниясының Қызылорда өңірлік директоры Бақытжан Маралов пен компания өкілі Жәнібек Саянұлын қабылдап, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.
Құрылтай – қоғам мен мемлекеттің өзара ықпалдастығын нығайтатын, елдің ұзақ мерзімді даму бағыттарын айқындауға және маңызды стратегиялық шешімдердің қабылдануына атсалысатын өкілді институт. Сондықтан Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды таңдау.
Астанада 27 жастағы ер адам таңертең жұмысына кетіп бара жатқан қызды зорламақ болған. Ол қызды артқы жағынан келіп қысып ұстап, күш қолдануға әрекет еткен. Қыз айғайлап көмек сұраған кезде, ер адам қорқып тайып тұрған. Ал бойжеткен оны сыртынан видеоға түсіріп үлгерген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, енді экономикалық ұтқырлық сертификатының ең жоғары мөлшері 7 млн теңгеге дейін (1 625 АЕК) ұлғайтылды. Бұл қаражатты жаңа өңірден тұрғын үй сатып алуға пайдалануға болады.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов 2026 жылдың І жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын жариялады. Оның айтуынша, Сыр елінің бас шаһарында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсімі сақталып, барлық негізгі салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген.
Роскосмос пен NASA экипажы Халықаралық ғарыш станциясындағы миссиясын аяқтап, «Союз МС-28» кемесімен Жезқазған маңына сәтті қонды.
2027 жылдан бастап қазақстандықтардың зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді