Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – ауданымызда «IT Park Qarmaqshy» филиалының ашылуы. Жаңа орталық жастардың бағдарламалау, робототехника, графикалық дизайн және жасанды интеллект бағыттары бойынша білім алуына мүмкіндік береді.
Орталықта робототехника жобалары таныстырылып, жастардың цифрлық дағдыларын дамытуға арналған заманауи мүмкіндіктер ұсынылды. «Руханият» орталығында орналасқан IT Park кабинеті 12 дербес компьютермен жабдықталған.

Жыл көлемінде кемінде 300 жасты қамту жоспарланып, арнайы оқу курстарынан өткен қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен қаржы қаралып, «Жасанды интеллект – болашақ бастауы: жастардың цифрлық сауаттылығы мен жаңа дағдыларын қалыптастыру» атты мемлекеттік әлеуметтік жоба әзірленді.

Цифрландыру – уақыт талабы. Қармақшы ауданында жастардың цифрлық сауатын арттыру, жаңа технологияларды меңгеруіне жағдай жасау және инновациялық идеяларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.