Тренингті сертификатталған бизнес-тренер, коммуникация және ықпал ету саласының сарапшысы Д.Амантай жүргізді.

Қатысушылар командалық жұмысты үйлестіру, тиімді жоспарлау, ортақ мақсат қалыптастыру және басқару дағдыларын жетілдіру бағытында практикалық тапсырмаларды орындады.

Сонымен қатар, 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу, жастар саясатының басым бағыттарын айқындау, жаңа жобалар мен бастамаларды жүйелеу және алдағы кезеңге нақты міндеттер белгілеу мәселелері қарастырылды.