Экономикалық жаңалықтар
Ғасырға жуық тарихы бар ауылдың негізгі кәсібі – мал өсіру һәм егін. Рас, іргетасы 1929 жылы «Елтай», «Иіркөл», «Белсенді», «Жігер» атты төрт ауылдың біріктірілуімен қаланған, Молотов атын иеленген колхоз аты одан кейін де өзгерді. Құрылғалы Мәден Қалжанов, Әбдірахман Тәшімбетов, Қорғанбек Алмасов сынды азаматтар тұтқа болған елді 1955 жылдан бастап бүгінде ауылға аты берілген қайраткер Мөрәлі Шәменов басқарған болатын.
Аймақтағы шағын аудан болса-дағы Жалағашта іске асқан ауқымды жоба жеткілікті. Мұнда егін егу мен төрт түлікті өрістетуден бөлек, кейінгі жылдары кәсіп ашуға ынталылар саны артқан. Қазір аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің саны 2800-ге жуықтап отыр. Осы салада 4219 тұрғын жұмыспен қамтылған.
Жалағаш ауданындағы «Агрохимсервис-С» ЖШС 2020 жылғы 15 қыркүйекте жеке қаражат есебінен құны 400 млн теңгені құрайтын минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын іске қосты. Жоба аясында 11 жаңа жұмыс орны ашылып, өндірістің жылдық қуаты 30 мың тонна өнімді құрайды.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде бюджеттің орындалуы, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру, «Ауыл Аманаты» жобасының іске асырылуы және сайлау учаскелерінің дайындығы мәселелері қаралды.
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралды.
Қызылорда облысында кәсіпкерлікті дамыту мен сауда инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жылдың алғашқы алты айында бұл салалардағы негізгі көрсеткіштер оң динамика көрсетіп, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі айқын байқалды. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мөлдір Тәуіпбаеваның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкіметтің қолдауымен және облыс әкімінің бастамасымен қолдауымен ауданымызда инфрақұрылымдық жобалар жүйелі жүзеге асырылып, экономиканың негізгі салаларында тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, ел ағалары Серік Дүйсенбаев, Өмірбек Шәменов, Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев Жалағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, М.Шәменов, Қаракеткен, Аққұм ауылдарының тұрғындарымен және аудан активімен кездесті.