Зауыттың эскиздік жобасы таныстырылды. Жобаны іске асырудың негізгі кезеңдері, нысанды орналастыру, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және өндірісті ұйымдастыру жайы нақтыланды.

Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Осы ретте, компания басшылығы осы жылдың соныңда құрастыру желісі іске қосылатынын атап өтті.