Енді есептеу кезінде азаматтың зейнетақы жинағын кім басқаратыны да ескерілмек. Сонымен қатар салымшылар жинағының 100%-ына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компанияларға бере алады.

Бұған дейін бұл мүмкіндік 50%-бен шектелген еді. Жаңа өзгерістер азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруда көбірек таңдау құқығын береді.

Ал мемлекет міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік беруді жалғастырады.