Аталған конференция барысында «Ауыл мектебі: Тең мүмкіндік – Қызылорда облысы» қайырымдылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Жақсылық жалғасады» бейнероликтер байқауында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебі І ОРЫН иеленді! 
Байқау жеңімпазына жүлде ретінде құны 100 миллион теңге болатын толық жабдықталған спорт алаңы салынып беріледі.

Бұл жеңіс – үлкен мәртебе әрі ортақ қуаныш! Мектеп ұжымын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жақсылық пен қайырымдылықты дәріптеп, өскелең ұрпаққа ізгі құндылықтарды насихаттауға бағытталған игі еңбектеріңіз жемісті бола берсін!