Бүгінде ауданымыздың жас спортшылары Азия чемпионаттары, халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда бақ сынап, жоғары нәтижелер көрсетіп, Қармақшы ауданының абыройын асқақтатып жүр. Ауданымыздың жас спортшылары ауыр атлетика, қазақ күресі, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және спорттың басқа да бағыттары бойынша тұрақты түрде жаттығып, түрлі деңгейдегі жарыстарда өз шеберліктерін шыңдап келеді.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында спорт нысандарында жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырылуда.

Басты мақсат – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және ауданымыздан жаңа чемпиондар мен ел намысын қорғайтын спортшыларды тәрбиелеу.